Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы

Жүсіп Баласағұн (Баласағұни) — ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері. Ол замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға тек дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ Орта ғасырдың атақты ғалымы, дəлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фəлəкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, тағы басқа толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мəлім болған.

Қазақстан Республикасының бүгінгі даму кезеңінде, егеменді жас мемлекеттің әлемдік кеңістікте көрініс алуы жағдайында өткендегі тарихи тәжірибені, соның ішінде тарихи тұлғалардың тәжірибесін жан-жақты зерттеудің қажеттілігі туындайды. Тарихи - педагогикалық мұраларды білмей білім мен мәдениет саласындағы мемлекеттің аса маңызды проблемасының тиімді шешімін табу өте күрделі. Қазіргі уақытта тарихи тұлғалардың ұлттық мәдениетке қосқан үлесін айқындап көрсету мәдениетіміздегі басты ерекшелік.

#nurotanaktau

0
0
123

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы - Yvision.kz