«Nur Otan»партиясы АҚФ төрағасы Нұрдәулет Игілікұлының қатысуымен ZOOM платформасында онлайн кездесу
Бүгін «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының төрағасы Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлының қатысуымен ZOOM платформасында онлайн форматта конференция өтті.
Конференцияда Ақтау қаласының жетістіктері мен мәселелері талқыланды.
Шараға қала тұрғындары қатысып, көкейіндегі мәселелерін жеткізуге мүмкіндік алды. Олар ыстық су, ойын алаңы, әлеуметтік жәрдем, жылудың жетіспеушілігі, қоқыс контейнерлерінің аздығы туралы сұрақтарын қойды және өз ұсыныстарын жолдады
