«Nur Otan» партиясы АҚФ-ның " Ұлттық патриоттық онлайн акциясы "
«Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық филиалы Zoom платформасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ҚХА "Ұлттық патриоттық онлайн акциясын" өткізді.
Акцияның мақсаты - елімізде тұратын барлық ұлт өкілдердің өзара қарым- қатынасы мен достығын нығайтудағы Тәуелсіздіктің рөлін көрсету, жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизм сезіміне тәрбиелеу, қазақстандықтардың толеранттылығы мен этносаралық қоғам мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар маңызды іс-шараға дайындық мәселелерін талқылап, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
