Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы АҚФ «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көп балалы аналармен кездесу өтті.

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көп балалы аналармен кездесу өтті. Кездесу барысында көпбалалы аналардың мұң-мұқтажы тыңдалды. Аналар әртүрлі тақырыптарды көтерді. Көптеген сұрақтар атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты болды, оған Партия қызметкері Құндызай Алшынбайқызы егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Сонымен қатар, көпбалалы аналар тұрғын үй, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, ипотекалық несие және т. б. сұрақтарға жауап алды.

0
0
124

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы АҚФ «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көп балалы аналармен кездесу өтті. - Yvision.kz