«Nur Otan» партиясы АҚФ қатарына салтанатты түрде қабылданып, партия билеті тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Облыстық онкология диспансерінің медицина қызметкерлері «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының қатарына салтанатты түрде қабылданып, партия билеті тапсырылды. Ақтау қалалық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Муратбек Дощанов партияға жаңадан қабылданған азаматтарға, олардың құқықтары мен міндеттерін айтып түсіндірді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының қызметі туралы да біраз ақпарат берді.
