«Nur Otan» париясы облыстық штаб мүшелері өңірдің бұқаралық ақпарат өкілдерімен онлайн кездесу өтті
Бүгін «Nur Otan» париясы облыстық штаб мүшелері өңірдің бұқаралық ақпарат өкілдерімен онлайн форматта кездесуі өткізді.
ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылатын кездесуде облыстық штаб мүшелері БАҚ өкілдерін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Сондай-ақ онлайн басқосуға қатысқандар алдында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Шаттық Өтебалиева сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының бес жылдық жұмыс жоспарымен таныстырды.
-Партияның сайлау алды бағдарламасында халықтың сапалы өмір сүруі үшін барлық жағдайлар қамтылған. Атап айтқанда, тұрғындарды баспанамен қамту, келер жылдан бастап әр адамның зейнетақы қорының белгілі бір бөлігін алып, керегіне жарату, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, жастардың салауатты өмір салтын ұстануы секілді ауқымды мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар елді мекендерді таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, сапалы интернет желісімен қамту да партияның басты назарында болмақ. Елдегі пандемия кезінде де тұрғындар «Nur Otan» партиясы тарапынан зор қолдау көргені белгілі. Егер әр адам өз таңдауын жасап, елдегі саяси науқанға белсенді қатысып, жетекші партия саналатын «Nur Otan» партиясына дауыс берсе бұл игі істер өз жалғасын табатынына кәміл сенемін,-деді Шаттық Саматқызы.
Онлайн кездесуге қатысқан БАҚ өкілдері кандидатқа, жаңадан қабылданған «Педогог мәртебесі» заңы туралы, ұстаздар қауымына жасалған материалдық жағдайлар, бала тәрбиесі турасында сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
