”NUR OTAN”: “ПАРАСАТ” колледж ұжымымен кездесу
Кандидаттар кездесу барысында мамандарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын баяндады. Өз кезегінде, білім беру саласының өкілдері өздерінің көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Сұрақтар мен мәселелердің басым бөлігі: төлем карта мәселесі, қоғамдық көлік мәселесі, газ мәселесі, кәсіпкерлік бағдарламалар мәселесі, туризім бағытын қолдау бойынша бағдарламалар сынды мәселелері төңірегінде болды. Айтылған мәселелердің барлығын тізімге алып, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.
#bizbirgemiz
#NurOtan
