Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді. ⠀ Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазақстан Алюминийі» жұмысшыларымен кездесуде партияның сайлауалды күн тәртібін талқыладық. ⠀ Таяудағы 5 жылда «Nur Otan» облыста кемінде 45 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 100-ден астам ауылдың 45 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 1,6 мың км автожолды жөндеу, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу секілді жобаларды міндет етіп қойып отыр. ⠀ Экологияны жақсарту мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу және жыл сайын орташа алғанда зиянды шығарындыларды 3 мың тоннаға төмендете отырып, кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлануда. ⠀ Бұдан кейін мұғалімдермен кездесуде білім беру саласын дамытудың негізгі бағыттарын талқыладық. ⠀ «Nur Otan» партиясы өңірде 83 мектеп салу мен күрделі жөндеуді қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында атап көрсеткендей, ел бойынша 800 жаңа мектеп салынады және шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда қолданыстағы 5 мың мектеп жаңғыртылады. ⠀ Дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету бойынша жұмыс, оның ішінде ауылдық жерлер қамтыла отырып жалғасады, оларға елдегі мамандандырылған мектептерде оқу мүмкіндігі ұсынылады. Әсіресе, мұғалім кәсібінің беделін арттыруға баса назар аударылады. Педагогтардың жалақысы 2 есе өседі. ⠀ Сонымен қатар Новочерноярка ауылының тұрғындарымен кездестік. Мұнда біз партияластармен бірге бұдан бір жыл бұрын болған едік. Сол кезде ауылдағы 16 көпқабатты үйде орталықтандырылған жылудың болмауы мәселесі шешімін таппай тұрған болатын. Осынау ұзаққа созылған жылыту қазандығын салу мәселесі партиялық бақылауға алынғаннан кейін биыл ауылдағы 800 үй ғана емес, сонымен бірге мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілді. ⠀ Тұрғындардың айтуынша, Черноярск ауылдық округіндегі түйткілді мәселенің бірі – ауыл ішіндегі жолдардың сапасы. Осыны ескере отырып, «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды бағдарламаға 19 ауылдағы, оның ішінде Новочернояркадағы жолдарға жөндеу жүргізуді енгізді.

0
0
177

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді - Yvision.kz