ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» - нақты істер партиясы.

«Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партияның құрылуына 21 жыл толуына орай азаматтарды тақырыптық қабылдау өткізілді. Қабылдауға аудандық мәслихат депутаты Г.Волкогон,, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Самиев, қоғамдық келісім төрағасы М.Бекжанов, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

«Nur Otan» партиясының құрылғанына 21 жыл толып, мерейлі межеге қадам басып отырмыз. Бұл барша нұротандықтар үшін өткенді саралап, бүгінгі биік белестердің бастауында тұрған сонау 90-жылдардағы әрекетімізді ой елегінен өткізуге және партиямыздың жетекші саяси күш ретіндегі Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріндегі рөлі мен маңызына назар аударуға берілген тамаша мүмкіндік.

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясы еліміздегі қоғамды ұйымдастыратын көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де өзіндік жолы, бағыт-бағдары айқын саяси күш. Қазақстан бүгінгі күні іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы күннен-күнге, жаңашылдыққа ұмтылып инновациялық-индустриалды бағытта дамыған қуатты мемлекетке айналуда. Тəуелсіздік алған жылдар аясындағы ел ырысын арттырып, береке-бірлігін нығайту жолындағы «Nur» Otan партиясының үлесі зор, ізі айшықты.