Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» - нақты істер партиясы!

Кездесу барысында тұрғындарға партиямыздың сайлауалды бағдарламасындағы қаламыздың дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі 10 бағытын таныстырды. Аталған бағыттар аясында алдағы 5 жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстарға да тоқталып өтті.

Тұрғындар өздерін толғандыратын сауалдарды қойды. Олар қойған сұрақтардың басым бөлігі кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі сынды мәселелер болды.

Сондықтан, осы мәселелер бойынша алда атқарылатын жұмыстарды кеңінен түсіндіріп, жоспарланған жаңа жобалар туралы ақпарат берді.

«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне, жаңа баспананың әрбір отбасыға қолжетімді болуына күш салады.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының жетекшілігімен 5 жылда аймақта 80 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады, шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асырылады. Оған 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылады. Нәтижесінде осы жобалар іске қосылғанда 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құраса, алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендету жоспарланған.

Кездесу соңында қала тұрғындары «Nur Otan» партиясына сәттілік тілеп, өз қолдауларын білдірді. Сонымен қоса, қиын кезеңдерде партияның әрдайым халықтың қасынан табылып, алғашқылардың бірі болып көмек көрсететіндерін жеткізіп, алғыстарын білдірді.

0
0
124

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» - нақты істер партиясы! - Yvision.kz