«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
Мақсат Серікұлы Абдукаримов екуім денсаулық саласының ақ халатты абзал жандармен кездесіп, "Nur Otan" партиясының Денсаулық сақтау саласы бойынша бес жылдық бағдарламасын таныстырды.
Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған бағдарламаның басқа да көптеген тармақтары бар. Бағдарламамен танысқан денсаулық сақтау өкілдері, сайлаушылар партия бағдарламасын оң қабылдады. Одан әрі медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, ауруханаларда медициналық жабдықтарды уақтылы жаңарту, сертификаттар алу жөнінде түйткілді мәселерді партия назарына ұсынды. Барлық сұрақтар тыңдалып, тізімге алынды.
