«Nur Otan»: Мақтааралда алдағы 5 жылда жол сапасы артады
«Nur Otan»: Мақтааралда алдағы 5 жылда жол сапасы артады
29.12.2020 oninfokz
10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясынан Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Бірлік ауылдық округінің Өркениет елді мекенінің тұрғыны Әбдібақыт Жандаров ақсақалмен жүздесті. Жастық ғұмырын елдің экономикасы мен ауыл шаруашылығының дамуына арнаған ауыл ақсақалы бүгінде атыраптың қадірменді қариясы, елдің, ауылдың қоғамдық-саяси жұмыстарының белсендісі.
Бүгінде елдің ықыласына бөленіп отырған қарияның шаңырағында болған қос кандидат ақсақалға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Аталмыш бағдарлама арқылы алдағы 5 жылдағы ауданда атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Батагөй қарттың ауылдың ішкі жолдары мен жастардың арасындағы жұмыссыздық жайлы айтқан ұсынысын тыңдады. «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда автомобиль жолдарының сапасын арттыру бастамасы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, биылғы жылы ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген 523 млн теңгеге 129 жұмыс орындары ашылып, оның 50%-ы, яғни, 73-і жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жолданған. Алдағы 5 жылда тағы 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орынын ашуды партия өз басымдықтарының қатарына енгізіп отыр.
«Біз тәуелсіздіктің алғашқы сағаттарынан бастап «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Нұсұлтан Назарбаевпен бірге иық тіресе еңбек етіп келе жатқан жандармыз. Елдегі болып жатқан барлық жаңалықтардың, жақсылықтардың куәсімін. Сондықтан, халық үшін осыншама игілікті істерді істеп отырған партияға дауыс береміз және жеңіске жетеді деген сенімдеміз» деген Әбдібақыт ақсақал үміткерлерге батасын беріп, жақсылықтар тіледі.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді
