«NUR OTAN»-дықтар жылыжай мәселелерімен танысты.
«NUR OTAN»-дықтар жылыжай мәселелерімен танысты
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының жүйелік кестесіне сәйкес бекітілген іс-шара жоспары аясында бүгін партия мүшелері мен белсенділері елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде, жылыжай көлемін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Атап айтар болсақ, биылғы жылдың басынан бері ауданда 10 гекттар жерге жылыжай құрылып, жылыжай көлемі 43 гектарға жетіп отыр.
Игерілген жылыжайлардың 15 гектарына қияр, 16 гектар жерге қызанақ, 5 гектар жерге болгар бұрышы, 4 гектар жерге қырыққабат, 3 гектар жерге көшет секілді көкөніс дақылдары егіледі. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бір жылда екі өнім алу технологиясын қолға алып отырған мақтааралдық шаруалар гектарынан 250 центнерден өнім алып отыр.
Ағын суды үнемдей отырып, өнім көлемін арттыру мақсатында қолға алынып отырған тәсіл жайлы атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік қамқорлықтарды түсіндірген «Nur Otan»-дықтар шаруалардың сұрақтарына жауап берді. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
