Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия.

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Еліміз үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді.

Біз нұротандықтар ешқашан бірсәттік пайданы көздеген жоқпыз, орындалмайтын уәде беруден де аулақпыз. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істеудеміз.

Бүгін "Nur Otan" партиясының атынан ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде және есіктен есікке акциясы аясында атамекеніміз Атакент кентінің тұрғындарымен жүздестім.

Әрбір үйді аралай жүріп партиямыздың сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттар бедерленген үнпарақшаларды тараттым. Сонымен қатар, 10-қаңтарда өтетін сайлауда дауыс беруге шақырдым.

Қуатты мемлекет пен тең мүмкіндіктер қоғамына таңдау жасаңыздар!

#NurOtangaДауысБер

#NurOtan

#JasOtan

#BizBirgemiz

#Jenimpazbol

#біздіңкандидаттар

0
0
200

Осы тақырып бойынша

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. - Yvision.kz