Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan” - қазақстандық отбасылардың қолдауы...

Nur Otan” - қазақстандық отбасылардың қолдауы...

Партиямыздың ең басты құндылықтарының бірі – отбасы. Отбасына қолдау көрсету, керегесін берік ұстау – ел іргесінің қатайып, дамуының кепілі.

Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау, қолтығынан демеу дәстүрі, еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық отбасынан бастау алады.

“Nur Otan” партиясы отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Инфляция деңгейін есепке ала отырып әлеуметтік төлемдерге индексация жүргізіледі. Ол мақсаттарға 3 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.

Қазақстандықтардың табысының артып, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы - экономиканың сапалы дамуының негізгі көрсеткіші.

Азаматтар зейнетақы жинақтарын жоғары табыс әкелетін қандай институттарға инвестициялайтынын өздері шешеді.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау процестері цифрландырылып, әр азаматтың цифрлы «әлеуметтік әмияны» іске асады. Бұл өтініш беру тәртібін жеңілдетіп, көмектің тағайындалу ашықтығын қамтамасыз етеді.

Партия тұтынушылық несиелер бойынша шекті мөлшерлемелерді азайту және несиелік ұйымдардың жауапкершілік жағынан ашық болуы үшін жұмыстар жүргізеді.

Бізбен бірге бол! “Nur Otan” - қазақстандық отбасылар үшін!

0
0
120

Осы тақырып бойынша

Nur Otan” - қазақстандық отбасылардың қолдауы... - Yvision.kz