Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan»: Ақтөбеде 20 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы ашылады

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Амантай Үмбетай мен Нұргүл Әбішева «Каз Транс Газ Аймақ» ұжымымен онлайн режимдегі «ZOOM» платформасы арқылы кездесу өткізді. Қалалық сайлауалды бағдарламасында көрсетілген экологиядық басымдылығын түсіндіріп, қала тұрғындарын алдағы сайлауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы алдағы бес жылдық бағадарламасында экономикалық дамуға аса мән беріп отыр. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құруға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге назар аударады. Бұл туралы «Каз Транс Газ Аймақ» ұжымына кездесу барысында Нұргүл Әбішева айтты.

- Қаламыздың тұрақты дамуы үшін бағдарлама аясында

көрсетілген жұмыстар уақытылы орындалады. Партия барлық саладан қолдау көрсетіп, қаламыз жыл сайын дамитын болады. Тек «COVID-19» пандемиясы жағдайында өнеркәсіптің тұрақты жұмысының арқасында аймақ экономикадағы шығындарға және жұмысшылардың жаппай босатылуына жол бермеді. «Nur Otan» партиясы ендігіде тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға қол жеткізетін болады. Осыған дейін де жыл сайын кем дегенде 6 мың жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде 18 ірі инвестициялық жобаны іске асыру есебінен болатыны айтылып жүр. Ендеше нақты басымдылықтарын кезең –кезеңімен түсіндірі өтейін. Біріншіден, 250 жұмыс орнын құрумен Болат дайындамалар өндіру бойынша электрометаллургиялық зауыттың 1-кезегі салынады. Екіншіден, 120 жұмыс орнын құрумен ТБИ өндірісі бойынша зауыт салу жоспарланды. Үшіншіден, 120 жұмыс орнын құрумен 2-ші сұрып прокат өндірісінің кезегін салу 2022 жылға жоспарға салынды. Төртіншіден, 36 жұмыс орнын құрумен диализаторлар өндірісі бойынша зауыт салу салынады. Осы сияқты зауыттар өз жұмысын бастап, қызметке мамандар алдынатын болады. Бос жұмыс орындарына жыл сайын кемінде 9 мың адам жұмысқа тұрады. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кемінде 100 адамды жыл сайынғы қысқа мерзімді оқытуға жібереміз. Бұл пандемиядан жұмысынан айрылған қызметкерлердің тапшылығы мен жұмысқа орналасу мәселесін шешуге мүмкіндік береді,-деді ол.

Ал Амантай Үмбетай сайлаушыларды алдағы сайлауда сенімді түрде «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, қолдау көрсетуге шақырды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік туралы бағдарламадағы өзгерістерді түсіндіріп өтті.

- Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деген біздің

басымдылығымыз бары. Ауыл шаруашылығын дамытуда басты назар ішкі азық-түлік нарығын сақтауға және үздіксіз жұмыс істеуге және экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге аударылатын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы бірнеше міндеттер қойып отыр. Бес жыл ішінде түрлі цех, зауыт, сүт фермасы ашылып, жұмыстарын бастайтын болады. 2022 жылы қуаттылығы жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының ашылады. Бұл жағымды жаңалық болмақ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстың жергілікті өндірушілерімен жыл сайын кемінде 40 меморандум жасалады. Еуропалық қайта құру және даму банкі бөлген қаражат есебінен суармалы жерлердің көлемін ұлғайтылады. 2025 жылы ірі көтерме-бөлшек сауда орталығы ашылады. Осылардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шаруаларға барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік жасайды,-деді ол.

Айта кетейік, кездесу соңында «Nur Otan» партиясы арқылы ақтөбеліктерге кәсіп бастауға мүмкіндік барын жеткізді.

0
0
244

Осы тақырып бойынша