Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«НТВ-ПЛЮС» пен «KAZsport» телеарнасының қызметкерлері пікір алмасты

Ресейлік «НТВ-ПЛЮС» телеарнасының тақырыптық бөлім басшысы Сергей Акулинин мен жетекші режиссері Виталий Ганюшкин «KAZsport» телеарнасының қызметкерлеріне екі күндік семинар өткізді.

Кездесу екіжақты пікір алмасу түрінде өтті. Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:

  1. Спорттық телеарнаның жұмыс істеу ерекшелігі;
  2. Бағдарлама жасаудағы спорттық режиссердің жұмыс істеу ерекшелігі;
  3. Спорттық көрсетілімдегі режиссердің жұмыс істеу ерекшелігі;
  4. Спорттық көрсетілімдегі комментатордың жұмыс істеу ерекшелігі;
  5. Спорттық көрсетілімдегі редактордың жұмыс істеу ерекшелігі.

Әрбір тақырып талқыланған кезде видео пайланылып, барлығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жиналғандар сұрақ қойып, пікір алмасты.

«НТВ-ПЛЮС» телеарнасының тақырыптық бөлім басшысы Сергей Акулинин комментаторлық пен редаторлық жұмыс, бағдарлама жасау, тақырып таңдау және оны көрерменге көрсетудегі ерекшеліктерге тоқталды. Ал, жетекші режиссері Виталий Ганюшкин көрсетілімді техникалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру, режиссерлік жұмыстың ерекшелігі, спорттың түріне байланысты құрам мен техниканы пайдалану ерекшелігі сияқты тақырыптарды қозғады.

Асхат Сағынаев, «KAZsport» телеарнасының бас редакторы:

Біздің телеарна жұмысын 1,5 жыл бұрын бастаса, ресейлік әріптестеріміз 10 жылдан астам қызмет көрсетіп келеді. Сондықтан техникалық тұрғыдан тәжірибе алмасамыз. Біз ресейлік емес, басқа да шетелдік спорттық телеарналарымен байланысып, семинар өткізіп, тәжірибе алмасып, шеберлігімізді шыңдаймыз.

Сергей Акулинин, «НТВ-ПЛЮС» спорттық телеарналары дирекциясының тақырыптық бөлім басшысы:

Семинар өте қызық өтті. Себебі жиналаған аудитория жас, көздерінде жалын бар екені бірден көрінеді. Ең маңыздысы осы. Олардың өз ісін жақсы көретіні, қызықты бағдарлама жасап, шеберліктерін шыңдағысы келетіні бірден көрінеді.

«KAZsport» телеарнасында өткізген семинар барысында көп мәселе қарастырылды. Ресей мен Қазақстанда спорттық хабар тарату ұқсас. Мысалы, билікпен, мекеме басшыларымен келіспеу, аймақтарды дамымай қалуы.

Бірақ, біздің телеарна 90-шы жылдары пайда болған. Сондықтан қандай да болса, бізде жинақталған тәжірибе бар. Міне, біздің семинар өткізуіміздің басты мақсаты да осы. «KAZsport» телеарнасы алдағы уақытта пайда болатын қиындықтар мен мәселелерді дұрыс әрі тез шешуі тиіс.

Біз ешкімге ақыл айтып, жол сілтемек ойымыз жоқ. Сіздердің телеарналарыңыз онсыз да өзінің жолын тауып, дамыйтынына сенімдімін. Себебі сіздерде нағыз кәсіби мамандар жұмыс істейді. Бар ойымыз – пікір алмасып, қай қателіктен қалай сақтану керектігін айту. Сонда сіздер біз сияқты 15 жыл емес, одан да тез дамитын боласыздар деген сенімдемін.

 

0
0
314

Осы тақырып бойынша