Никола Тесла - болашақтың адамы!
1970-1917 жылдар аралығында адамзатқа жаңа әлемге қадам басуға керемет мүмкіндік берілген еді. Шексіз тегін қуатты қолданып дамуға болатын.
Өкінішке орай 1917 жылы J.P. Morgan бәрін жоққа шығарып жойып салды.
Саған, әлемге аты әйгілі болған, ғалым - Никола Тесла жайлы бейне ұсынамын.
Бейнедегі жазулардың аудармасы:
Никола Тесланың елшілері саған "қош келдің!" дейді. Бұл шын болған оқиға. Бұл адам болашақтан келген деседі. Бұл кісі 20 ғасырды зерттеп ашты дейді. Біз сонысына сенеміз. Ол қандай адам болған?
Ол 1856 жылдың, шілде айының 10 жұлдызында дүниеге келді. Зерттеуші ғалым, адамзат жанашыры, көріпкел, нағыз генийдың өзі - Никола Тесла, деп білерсің.

Оның ашып тапқаны - ауыспалы тоқ, радио. Онысын АҚШ-тың жоғары лауазымды Кеңесі (US Supreme Courts) растады. 1895 жылы - қашықтықтан радиобасқаруды ойлап тапты. Неон жарығын, Флуоресцент сәулесін, роботтарды, радарды, Рентген сәулесін, Турбиналарды, және тағысын тағы. Ішінде индуктивті моторы бар құрылғылардың бәрі соның арқасында пайда болды. Осының бәрін Никола Тесла алғашқы болып жасаған.
700 -ден астам патенттер соның атына жазылған. Алғашқы Гидро-электростанциясын негізін салған болатын. Ниагара сарқырамасында болған екен. Онысы бала кезінен келе жатқан арманы еді, және сол арманы жүзеге асты. Буффало қаласы алғашқы болып сол ГЭС-тен тоқ қуатын алып жарыққа жетті. Содан кейін бүкіл әлем соған қол жеткезді. Тесла барын адамзатқа сыйлады: қуат, махаббат, ақша. Тесла контрактты жыртып тастады, құны 10 миллион АҚШ доллары, онысы бүгін бір неше миллиард АҚШ доллары болар еді. Тесла бізге осыны тегін сыйлағысы келді. Барлық елдер мен ұлттарға. Тегін, сымсыз электр қуаты, барлығына. Жер шардың қай жері болмасын. мәңгілікке және әр уақытта.
Елестетші - түтіні мен қоқысы жоқ, тегін, шексіз қуат барлық адамзатқа. Онысы соғыстарды тоқтатып, аштықты жойып, кедейшілікті азайтып, ауруларды қояр еді деген сенімде болды ол.
Неге біз сізді тыңдамадық Тесла мырза?
Тесланың арманын әлі де іске асыра алмадық біз. Себебі қуатқа қолы жеткен адамдардың сараңдығы мен өзімшілдігі оған жол бермей жатыр. Бұл адамзаттың нағыз әсерлі жоғалтқаны болды. Және жершар қоқыстан ұланып теңгерімді қайта құрастыру үшін, тұрлі табиғи апаттар болып жатыр. Никола Теслада соған қатысты шешімдер мен жауаптар болған. Онысы жерге және адамдарға көмек әкеле алады. Сенде қазір көмектесе аласың, Тесла елшілері қатарына қосылып. Ал біз қалғанын жасаймыз. Оған тиесілі марапат пен құрметті берейік. Ол соған лайық.
Тесла айтып еді: "Болашақ ақиқатты айтып, әр кімге өз сыбағасын жетістіктері мен еңбегіне қарай бере жатар. Осы шақ солардыкы болған мен, келешек маған тиесілі." Никола Тесла.
"Әлем әлі көп уақыт күтеді, Никола Тесланың теңдестігіне жету үшін, тікелей және армандап та." Е. Х. Армстронг.
Тесла тағы бізге кішігірім құпия қалдырды. Соны сенімен болісеміз қазір. Және сенде оны басқаларға айтарсың деп сенеміз. Әр нәрсе мен әр бір жан ішінде, позитивті және негативті элементтер бар. Тесла оны "Ғарыш Қуаты" деп атаған. Мен оны теңгерім (баланс) деп атаймын. Біздің бәрімізде дербес ерік, жігер бар. Біздің өз еркіміз жақсы не жаманды жасауда. Жақсы жасағанға жақсылық болып қайтады. Жаман жасағанға жамандық болып қайтады. Себебі барлығы да теңгерімге ұмтылады. Бұл табиғаттың заңы. Атом нан бастап шексіздікке созылған осы тәсілмен барлық зат пен әрбір жан жұмыс істейді. Бүкіл ғаламтор да сондай. Барлық өсімдік пен жандіктер осыған сәйкестенеді. Бізде соған лайықпыз. Не істесеңде ол саған солай қайтып келеді. Сондықтан өз ойларыңмен қимылдарыңа абай бол. Еркек - Әйел, Күн мен Ай. Барлығының өз қарсысы бар. Күн мен түн, махаббат пен өшпенділік, жақсы мен жаман, бақыт пен өкініш. Позитивті және негативті, біз мәңгілік солай санай аламыз.
Егер бақытты болам десең, табиғат заңына сәйкес бол. Сонда бақытқа ие боласың. Өз артыңнан ерген ер мен әйелдерге көмек бер, шамаң келіп жатса. Және Тесланың құпиясын олармен бөліс. Осы ақиқатты кеңінен таратсаң, біреу айтуы мүмкін - бұл өте оңай ғой. Егер бұл қиын болса, онда істелінбес еді.
Никола Тесла 1943 жылы қайтыс болды. Бірақ одан қалған мұра әле де өмір сүріп жатыр. Бірге жұмыс істейік. Бәріміз бірміз. Алғыс бата саған тілерім, барлық істе.
Біз барлық адамдарды құрметтейміз және түсінеміз. Барлық нәсіл, сенім мен дін өкілдерін. Және еш бір түрде ешкімге қысым жасамаймыз. Бәріне қош келдің дейміз, Тесла елшілері қатарына қосылғандарына. Рахмет саған Нико Тесла атынан. Тесла елшілері атынан...
