Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Некесіз бала

Қазақ халқында  бұрын қыз баланың кісі босағасынан аттамай тұрып  он жақта отырып жүкті  болуы өрескел ұят  саналатын. Бүгінде бұл әрекет қалыпты тірлікке айналып бара жатқандай. Өзінің ардан аттағанына ешкім  де қымсынбайтын  болды.Себебі өзге елдерден, сонын ішінде  рухани жадаулаңған  Батыстан  түйгеніміз мол.

‘Жалғысбасты ана’ тақырыбы бұрыннан бері  жалпақ жүртқа жария етілмей , ұдайы бүркемеленіп келгені белгілі.  Тіпті қазірдің өзінде көп терендей бермейді, айтылады да қояды.  Мұның өзіндік себептері де болуы мүмкін. Бір жағынан, некеден тыс бала тапқан қыздың ар –ұятын  ойлағандық па, әлде оның «әулеттің сүйегіне танба салғаның»  елге жария еткісі  келмегендік  пе, әйтеуір, үлкендер жағы бұл мәселе жабулы қазан жабулы күйінде қалғанын  жөн көредіСондықтан болар, олардың жалпы саны жөнінде еш жерден мәлімем таба алмайсын.

Бұл ұғымның мағынасы жалқы емес: жалғыз қалған, күйеуінен ажырасқан, не он жақта отырып   ‘өзі үшін’  бала тапқан. ‘Өзі үшін бала тапқан’ ділімізге үш қайнса сорпасы қосылмайтын міне дәл осы ұғымға қоғамның еті үйреніп бара жатқаны өкінішті. Әрине, кейбіріміз  бауыр еті баласын қоқысқа  тастап, не сырт елге сатып жүрген       ‘аналардан’  гөрі, әкесіз бала тауып , оны ‘өзіміз жеткіземіз’ деп  ‘ерлік’  істегендердің тірлігін құптауымыз мүмкін.Әркімнің бұл тарапта айтар ойы, уәжі бар. Десек те,  дүниеге келген сәбиге  тек анасы тарапынан берілген біржақты тәрбие жеткілікті ме?! Әке тәрбиесін көрмеген  баланың  мінезінде өз құрдастарына қарағанда өзгешелік байқалмайды ма?! Оның өз-өзіне деген сенімділік, табандылық , тандау  қабілеттері төмен болмайды ма?!

« Бала ата-ананың , үлкендердің өзіне жасаған әлімжеттілігін шарасыз, әрқашан кешіреді, одан басқа сәбидің қолынан келер ешнарсе жоқ» деген еді бір таныс апай.  Әкесі еркелетіп көтеріп бара жатқан  қатарласына ұрлана қарап тұрған  әкесіз сәбидің  астан-кестен болған жан дүниесін  кім түсіне алады?!

Анасы ақшасы лауазымды қызметте істейді. Әкесіз өсіп жатқан баласы ештенеден мұқтаж емес. Бірақ, жасауы жайнап тұрған үйдің қабырғасы балаға әке мейірімін жетіспегенінен суық. Әке айбыны болмағандықтан жасық көрінетін шығар, бәлкім.  Мен танитын бір қыздың ата-анасы  студент кезде  кездейсоқ  кездесуден  анасының аяғы ауырлап , үйленгенімен  мінездері келіспейажырасты. Анасы қызына әкеін  көрсетпейді, әкесіне де қызын көруге рұқсат бермейді. Қызын үлде мен бүлдеге орып өсірді, бетінен еш қаққан емес, ылғи шет елдің киімдерін киіп, қатарынан ерекше өсті. Содан болар,  ол қыздың тағдары да қатарынан «ерекше» болды.  Жалғыз қыз ешнарсенің қадірің білмей бойжетті. Өскен сон, анасының  табанына тас қойып, әкесін  таптырып алды. Анасымен ренжіссе, әкесіне тартып отырратынды да әдетке айналдырды.  Дегенімен, әкесімен де ортақ тіл табыса алмады.  Өйткені, бала кезінен мейірімін көрмей өскен әке «қызым»  деп қарсы алғанымен оған салқын болды.  Қызының  да оған еркелегені «түйе үстінен сирақ үйткендей»  жараспайтын.  Әке мен қыз қанша тырысса да, тігісін  жатқыза алмаған  киімдей , бір ортақ келісімге жете алмай ақ қойды.Кейін қызы оған да баруын сиретті. Әкенің іздегені де шамалы болатын. Бар кінә анаға артылды әрине... Сол қыздың тағдырын сырттай бақылаған мен, оны аяйтынмын.

Өмірде осындай тағдырлар көп ақ.  Анасы    ‘өзі үшін ’  туған балаға дұрыс тәрбие  берсе жақсы. Бірақ, бере алмаса әке  тәрбиесінің орны ойсырап тұратыны сөзсіз.Қайткенде де, әкесіз өскен баланың іші жара болады. Оның жазылуы да екіталай. Осыны әркім ақ түсінетін секілді,  бірақ бұған қарап жатқан ешкім жоқ.  Тамырымыздан босап бара жатырмыз ба деген ой әркімді мазаласа  екен. Дәстүр- салты берік  емес ұлттар жаһандану кезінде өзгелерге жұтылып  кетеді дегенді саясаткерлер де, тарихшылар да  көп айтады. Қыздың он жақта отырып  бала таппайтыны  қазақтың  халықтық педагогикасының басы болатын.

0
1
940

Осы тақырып бойынша

Некесіз бала - Yvision.kz