Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Негізі мектептегі математика — бүкіл мектеп оқушысы түсіне алатын пән.

Негізі мектептегі математика - бүкіл мектеп оқушысы түсіне алатын пән.
Жауһар:
Сәлеметсіз бе?Жалпы,өзіңізді таныстыра өтсеңіз? Қай қаланың тумасысыз?
Ерік:
Ассаляму алейкум. Аты-жөнім: Ахметов Ерік Шәріпбекұлы. 1990 жылы 2 маусым күні ОҚО Кентау қаласында туылғанмын.
Жауһар:
Сіз оқушыларды ғаламтор арқылы ҰБТ-ға дайындайсыз.Бұл жоба қай жылы,қалай басталған?
Ерік:
Негізі ғаламтор арқылы дайындау деген жоспар 2014 жылы пайда болған. Өзім Кентау қаласындағы №3 Аймақтық "Дарын" мектеп-интернатын тәмәмдағаннан кейін, Астана қаласына арман қуып келген болатынмы. Мектепте химия саласы бойынша барлық облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген соң, сол салада жұмыс істеймін деген оймен оқуға түстім. 4 жылдық бакалаврды бітірген соң магистратураға түсіп жалғастырдым. Оқуымның 2-ші жылында математикадан оқушыларды дайындай бастадым. Өзімнің мамандығым бойынша қызығушылық болмаған соң, әрі жұмысқа тұру жағы қиыншылық туғызғаннан кейін, математика саласымен жұмыс істеймін деген шешімге келіп, оқуымды тастап кеттім. Міне сол уақыттан бері жұмыс істеп келемін. Ғаламтор арқылы дайындау қарқынды түрде 2015 жылы бастау алды. Ғаламтор арқылы сабақ беру арқылы Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі жағдайы нашар немесе мұғалім жағы тапшы елді мекендердегі оқушыларға көмек тигізе алдым.

Жауһар:
Ең алғашқы оқушыларыңыз есіңізде ме?
Ерік:
әрине есімде ғой. Түркістан қаласындағы мектеп келісіп, сонда 11 сынып оқушыларын дайындаған болатынмын.
Жауһар:Сіз жайында оқушыңыздан сұрағанымда "Математика менікі емес деп ойлайтынмын,ал қазір ең сүйікті пәнім,бәрі Ерік ағайдың арқасы"-деп еді.Жалпыға түсінікті қандай әдіс-тәсілмен үйретесіз?

Ерік:

Негізі мектептегі математика - бүкіл мектеп оқушысы түсіне алатын пән. Сол үшін де оны барлық оқушыға өтеді. Ал оқушылардың ол пәннен қиналуы - әртүрлі факторға байланысты:мектеп пәні мұғалімінің тақырыпты түсіндіре алмауы немесе қызықтыра алмауы деген сияқты. Менің түсіндіру әдісім – сол мектептегі әдістерген негізделген. Әрине, кейбір тәсілдерім математика заңына бағындайды. Бірақ ол әдісті қолдана отырып ҰБТ математика есептерін жауабын табуға көмектеседі. Ол тәсілдерді математикадан деңгейі төмен оқушыларды математикаға қызықтыру үшін, математиканың шын мәнінде қиын пән емес екенідігін дәлелдеу үшін қолданамын.

Жауһар:
Биылғы жылы шамамен қанша оқушы дайындадыңыз?
Ерік:
Енді ол жағын нақты айта алмаймын. Тек жобалап айтатын болсам. Сайт арқылы тіркеліп дайындалған оқушылар саны 1000-ға жуық. Ал өзім курсыма қатысқан оқушылар саны - 500-ге жуық. Сонда шамамен 1500 оқушы деуге болады.
Жауһар:
Ерік:
Осы уақытқа дейін Қазақстанның 3 облысында сабақ бердім. Олар: ОҚО Түркістан қаласы; Созақ ауданы Шолаққорған ауылы; Қарағанды облысы Теміртау қаласы; Қызылорда облысы Шиелі елді-мекені. Қойылатын талаптар: оқушылардың саны барынша көп болуы, сабақ өтетін орынның болуы. Алдағы уақытта Қазақстанның барлық аймақтарына барып сабақ өту жоспарда бар
Жауһар:
Оқушылардың басым бөлігі қай тақырыптан ақсайды?
Ерік:
Ең әуелі ақсайтын тақырыптары ол - тригонометрия. Одан басқа геометрия және мәтіндік есептерді. Осы тақырыптар оқушыларға ерекше қиындық туғызады
Жауһар:
Оқушылар қатынап оқитын,жеке оқу орталығыңызды ашу ойыңызда жоқ па?
Ерік:
Алдағы уақытта ондай жоспар бар. Басқа пәндерді жақсы меңгерген жас талантты мамандар тауып, орталық ашу уақыт еншісінде. Қазіргі уақытта тек Теміртау қаласында ғана өзімнің оқытатын орталығым бар
Жауһар:
Мақтанып айтатын оқушыларыңыздың көшін қай облыс бастауда?
Ерік:1-ші орынды Оңтүстік Қазақстан облысына беремін. Өйткені өзім сол жақтан шықтым ғой😊. Әрине, әзіл ғой. Оңтүстікке бірінші орын беру себебім: менің оқыған мектебім Қазақстандағы ең үздік 10 мектептің қатарына кіреді. Ол жақтың оқушылары өте зерек келеді. Осы тізімге Қызылорда облысын, Жамбыл облысын, Алматы облысын кіргізе аламын
Жауһар:
Оқушыларға айтар лебізіңіз?
Ерік:
ҰБТ деген ол - жай ғана өмірдің бір баспалдағы ғана. Сол баспалдақтан сүрінбей өткендерін қалар едім. Бірақ өмірде одан да үлкен белестер бар. Сол үшін қандай қиындық кездессе де, мойымастан алға жүру керек. Өйткені адамды үлкен тұлға қылатын - сол өмірдің қиындықтары мен сынақтары. Қалаған оқу орындары түсіп, елімізге қызмет қылатын азаматтары мен азаматшалары болып, көк байрағымыздың биіктерде желбіреуіне себепкер болсын. Осы орайд Абылайханның - "Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік" деген қанатты сөзі ойға келеді. Сол ата-бабаларымыздың аманатын арқалайтын, кейінгі ұрпаққа қиянатсыз жеткізетін тұлға болып өссін деп тілек білдіремін.
Жауһар:
Еңбегіңіз елене берсін.Ісіңізге сәттілік. Сұхбатыңызға рақмет!
 
0
0
803

Осы тақырып бойынша

Негізі мектептегі математика — бүкіл мектеп оқушысы түсіне алатын пән. - Yvision.kz