Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Неге, неге ғашық болдым өзіңе «Аудио өлең, поэзия»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Morelias Waltz”

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

   

Неге, неге жүрегім бір көнбейді?

Іздемеймін десем де, сені іздейді?

Тырысамын, сені ойлағым келмейді?

Бірақ сезім шіркін-ай, тек сөнбейді?

 

Неге, неге ғашық болдым өзіңе?

Күндіз, түні бір ойымнан кетпейсің.

Мас болдым ба, әлде сенің сөзіңе?

Қайтейін, мен сүйгендей, сүймейсің.

 

Неге, неге қос жанардан тамшылар?

Діріл қағып, мүлдем енді, кетпейді.

Бұл үмітім, сен деп, сен деп ұмтылар,

Амал қанша, сонда да бір, жетпейді.

 

Неге, неге оралдық біз дұшпанға?

Кеше ғана, сүйіп тұрған, қос жүрек.

Қайран жолдар, жеткізбеген арманға,

Шын сезімсіз, бос өмір, неге керек?

1
1
3196

Осы тақырып бойынша

Неге, неге ғашық болдым өзіңе «Аудио өлең, поэзия» - Yvision.kz