Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өндіріс сапа қызметкерлерімен жиналыс өтті

Бүгін Жаңаөзен қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Қанағат Мыңтұрғановтың төрағалығымен өндіріс саласының қызметкерлері арасында жиналыс өтті . Жиынға «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкерлері қытысты Жиында Жаңаөзен қаласын сумен қамту мәселесі тыңдалды.

Жаңаөзен қаласына су ресурстары екі бағыттан жеткізіледі: «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС тарапынан – Еділ суы арқылы және «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС тарапынан – Артезиан суы.

2020 жылы «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС арасындағы келісім-шартқа сәйкес 7 245 544 м3 су ресурсын жеткізу жоспарланған, нақты ағымдағы жылдың 10 айына 6 138 065 м3 (84,71%) қабылданған. Сонымен қатар «СӨТБ» ЖШС-нен 2020 жылы 2 377 500 м3 су алу жоспарланып, нақты 10 айға қабылданғаны 2 105 417 м3 (88,56 %) қабылданды.

0
0
138

Осы тақырып бойынша

Өндіріс сапа қызметкерлерімен жиналыс өтті - Yvision.kz