Өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өтті!
Бүгін мәжіліс депутаттығына үміткер Еділ Жаңбыршин және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұлдыз Муханбетқалиқызы “Қазақ газ өңдеу зауыты ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиынға мекеме ұжымы қатысты.
Үміткерлер Жаңаөзен қаласы бойынша алдағы жоспарланған жұмыстармен толығырақ таныстырды.
Және де алдағы сайлаудағы “NurOtan” партиясының сайлауалды бағдарламасын баяндап өтті.
Сонымен бірге жиынға қатысушылардан берілген ауыларалық, қалаішілік транспорт және көшелерді жарықтандыру мәселелерін тыңдап, оңтайлы шешімін табу мақсатында жұмыстар атқарылатынын айтты. Одан басқа да қоғамдық, әлеуметтік мәселелер сөз болып, бағдарлама бойынша қала жұртшылығының лайықты өмір сүру дәрежесін көтеру маңыздылығы талқыланды.
Жиынға қатысушыларды алдағы сайлауда белсенді болуға және "Nur Otan" партиясымен бірге жеңіске жетуге шақырды.
#NurOtan
#Zhanaozen
