Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер М. Кульбеков “Автоматтандыру және Телекоммуникация басқармасының” ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиынға мекеме ұжымы қатысты. Қалалық маслихат депутаттығына үміткер Жаңаөзен қаласы бойынша алдағы жоспарланған жұмыстармен толығырақ таныстырды.

Сонымен бірге жиынға қатысушылардан берілген ауыларалық, қалаішілік транспорт, көшелерді жарықтандыру мәселелері және жабайы жануарлардан келетін қауіпті сейілту турасындағы сұрақтарын тыңдап, оңтайлы шешімін табу мақсатында жұмыстар атқарылатынын айтты. Одан басқа да қоғамдық, әлеуметтік мәселелер сөз болып, бағдарлама бойынша қала жұртшылығының лайықты өмір сүру дәрежесін көтеру маңыздылығы талқыланды.

Жиынға қатысушыларды алдағы сайлауда белсенді болуға және "Nur Otan" партиясымен бірге жеңіске жетуге шақырды.

#NurOtan

0
0
130

Осы тақырып бойынша

Өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өтті - Yvision.kz