Назар аударыңыздар! Интернет-конференция
2018 жылдың 13 желтоқсанда (бейсенбі күні) сағат 09:00-дан 18:00-ға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді.
Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO»парақшасында өткізілетін болады.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов жауап беретін болады.
Сұрақтар қою үшін «Anticorruption ZKO» парақшасына https://www.facebook.com/events/331463617450716/ сілтемесі арқылы кіріп, қызығушылық тудырып отырған сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
