ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Науырзым аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясы әрқашан жұмыс үстінде.

Науырзым аудандық "Nur Otan"партиясы филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әбенова Гүлсім Есенғалиқызы және ПБК-ның мүшесі Сұлтанов Болат Жағыпарұлы Науырзым аудандық ауруханасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға дайындықтың қандай деңгейде екеніне партиялық бақылау жүргізді.

Поликлиника меңгерушісі Нұрбекжан Абдумаликұлы Тойлыбайдың айтуынша қазіргі таңда вакцина егу бойынша жоспар жасалып, бас дәрігердің бұйрығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Вакцинация өткізуге жауапты қызметкерлер, екі егу бөлмесі жəне екпеден кейінгі тынығу, бақылау бөлмелері толық дайын. Вакцинация кезең кезеңге бөлініп жасалады. І кезең - жұқпалы аурулар бөлімің қызметкерлері, жедел жəрдем, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, қабылдау бөлімі қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметкерлері. ІІ кезең - педагог қызметкерлер.

ІІІ кезең - мектеп жанындағы интернат, мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері, созылмалы аурумен ауыратындар. ІҮ кезең - Ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, қорғаныс бөлімі, аурухананың басқа медициналық қызметкерлері, созылмалы аурумен ауыратындар. Ү кезең - созылмалы аурумен ауыратындар.

Вакцинаны қабылдамас бұрын екпеге қарсылығы жоқ болса жазбаса түрінде қол хат қабылданады. Бірінші екпеден кейін 21 күннен кейін екінші екпе салынады. «Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған адамның ағзасы вируспен кездескенде, оны жоюға дереу күш жұмылдырады, яғни аурудың дамуына және асқынуына жол бермейді. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының арасында түсініктеме жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, біз екпені алу туралы ешкімді мəжбүрлемейміз,-деді поликлиника меңгерушісі Н.Тойлыбай.

Партиялық бақылау комиссиясының талабына сай санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары қатаң сақтау жөнінде де түсінік жұмыстары жүргізілді.