Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Наурызбай ауданында «Еңбек» Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Осы жылдың 9 қаңтарынан Алматы қаласының Наурызбай ауданы Әкімі аппаратында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кәсіпкерлердің қатысуымен кеңес өтті.

Кеңеске қатысқандар: кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Е.А.Зауырбеков, Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары, жұмыс берушілер. 

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының маманы Р.Құлахмет қатысушыларды бос орындарға жұмыскерлерді тегін іздеу бойынша жұмыс берушілердің жұмысын жетілдіруге бағытталған, электронды еңбек биржасының жұмысымен таныстырды.

«Алматы қаласының Кәсіподақтар орталығы» КАБ және "Yntymaq" орта және шағын бизнес қызметкерлері кәсіподағының Алматы филиалының өкілдері Алматы қаласында ұжымдық келісімшарттар жасау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, тұсаукесерлер ұсынды.

0
0
299

Осы тақырып бойынша

Наурызбай ауданында «Еңбек» Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті - Yvision.kz