Наурыз мерекесіне орай партия ардагерлері мен көпбалалы аналармен кездесу ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесіне орай аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен партия ардагерлері мен көпбалалы аналармен кездесу ұйымдастырылды. "Шонжы" бастауыш партия ұйым төрағасы Суджеков Ромэн Рахметжанұлы партия ардагері Артем Хамраев атамызбен және көпбалалы аналармен кездесіп, қал-жағдайларын біліп қайтты. Келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Кездесу барысында БПҰ төрағалары сый -сияпаттарын, азық-түлік себетін табыс етті.
