Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нағыз қазақ-Домбыра

Қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, киелі музыкалық аспап.XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән,жыр,ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

1932 – 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков және Қ.Оңалбаев,еңбек етсе,

оны 1960 – 1970 жылдары Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы жалғастырды.

1990 – 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалы «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.

Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізген ұлы домбырашылардың бірі Құрманғазы. Оның «Сарыарқа» мен «Адай» секілді мәңгі өлмес туындыларын қазіргі кезде барша қазақ халқы біледі. Керемет музыкант әрі композитор жазған 60-қа жуық күй осы күнге дейін сақталған.Домбыраға деген қызығушылық әрі музыкалық аспаптың танымалдылығы ешқашан да тоқтаған емес.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп ойлаймын.

0
0
292

Осы тақырып бойынша

Нағыз қазақ-Домбыра - Yvision.kz