N149ЖББ мектептің сынып жетекшілері “Тұңғыш Президент” күніне орай сынып сағаттарын өткізді.

#Repost @kgu_149 Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға - алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Осы орайда Алатау ауданы N149ЖББ мектептің сынып жетекшілері өз сыныптарына “Ел Жастары” бағдарламасы аясында, “Тұңғыш Президент” күніне орай түрлі тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатта оқушылар өте белсенді қатысты. Сынып жетекшілердің де дайындаған ақпарттары оқушыларымызды қанағаттандырды.





