Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары – тәуелсіз Қазақстанның идеологиясы» кітабінің тұсаукесері мен дөңгелек үстел

Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінде Қазақстанның тұңғыш президенті күніне және «Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары – тәуелсіз Қазақстанның идеологиясы» атты э.ғ.д. С.А. Үсеновтің кітабының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің төрағасы И.И.Рогов, Конституциялық Кеңестің мүшесі з.ғ.д. профессор В.А.Малиновский, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры, з.ғ.д. С.Б.Булекбаев, «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары Т.С. Сыдыхов және іс-шараны ашқан Д.А.Қонаев Университетінің ректоры, з.ғ.д., профессор Ө.Қ.Қопабаев Қазақстан президенті Назарбаевтың отанымыздың экономикасын дамытудағы, ұлтаралық ынтымақтастық сақтаудағы, әлеуметтік-мәдени біртұтас мемлекет құруда бағаланбас еңбегін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында э.ғ.к. С.А.Үсеновтің «Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары – тәуелсіз Қазақстанның идеологиясы» кітабын таныстыруы өтті. Ол кітапта автор Тәуелсіз Қазақстанның идеологиясының қалыптасып дамуының тарихын президент идеяларымен байланыстырып баяндайды.

 

0
0
687

Осы тақырып бойынша