Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Тұңғыш Президент, әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.
Елбасының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.
Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары.
Оның шынайы егемендіктің негіздерін құру, тиімді экономика құру, үйлесімді қоғам қалыптастыру және ұлттық тарихтың соңғы кезеңінде елдің дамуының басым бағыттарын белгілеу жөніндегі оның көп қырлы қызметінің мазмұны мен мәні - Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі заманғы мемлекеттілігіміздің негізін қалаушы және ұлттың шынайы Көшбасшысы ретінде танудың дәлелді дәйегі.
