ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Нұротандықтар балалар үйіне 1 миллион теңгеге жуық қаржыға киім-кешектер сыйлады

Нұротандықтар балалар үйіне 1 миллион теңгеге жуық қаржыға киім-кешектер сыйлады

Алматы облысында нұротандықтардың түрлі қайырымдылық шаралары өз жалғасын табуда. Партия мүшесі, әрі кәсіпкер, «Бала бала» балабақшасының құрылтайшысы Алия Есқожанованың мұрындық болуымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында облыстық мамандандырылған балалар үйіне бүгін 1 миллион теңгеге жуық қаржы көлемінде қажетті киім-кешектер сыйланды. Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, кәсіпкердің өкілдері киімдерді балалар үйіне бүгін тапсырып, мекеме ұжымының алғысына бөленді.

Серік Нұрқадыров өз сөзінде, «Біздің партия мүшелеріміздің игі істері көпке үлгі. Үнемі қайырымды істердің басында болып, әлеуметтік бастамалардың бастауышысы болып жүр. Бізде өз тарапымыздан бұндай азаматтарға қолдау көрсетіп, қоян-қолтық жұмыс істеп, нәтижелерін көрсетудеміз. Мысалға жақында ғана біздің партия мүшеміз, әрі халық қалаулысы Р.Қожасбаев 6 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеге үй сыйлады. Бұндай игі жұмыстар партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында одан әрі жалғаса бермек» - деп, атап өтті.

Аталған балалар үйінде жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар, некесіз туған сәбилермен ой және физикалық дамуында дефекті бар балаларға тәрбие беріп, медициналық көмек көрсетеді. Бүгінгі күні Талдықорған қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйнде 77 бала, оның ішінде тұрақты түрде 37 бала, күндізгі бөлімде 40 бала тәрбиеленуде.

Жалпы, кәсіпкер, меценат, партия мүшесі Алия Есқожанованың қайырымдылық шарасы бұнымен шектелмеген. 2020 жылы қажетті киім-кешектермен «Қамқор» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсеткен. Алия Абыканқызының игі бастамалары өзі құрған 100 орындық «Balabala» және 60 орындық «Balabala kids" балабақша ұжымы және ата-аналар үшін де үлгі.

Нуротановцы подарили детскому дому одежду на сумму около 1 миллиона тенге

В Алматинской области продолжаются различные благотворительные мероприятия нуротановцев. В рамках проекта «Бақытты отбасы» по инициативе члена парти, предпринимателя, учредителя детского сада «Bala bala» Алии Ескожановой областному специализированному детскому дому ее представителями и заместителем председателя областного филиала партии С.Нуркадыровым были вручены необходимые вещи на сумму окола 1 миллиона тенге, коллектив учреждения поблагодарил гостей за подарки.

В своем выступлении Серик Нуркадыров отметил: "Добрые дела наших членов партии являются примером для многих. Нуротановцы постоянно находятся во главе добрых дел и являются инициаторами социальных инициатив. Мы со своей стороны поддерживаем таких граждан, работаем с ними, показываем результаты. К примеру, недавно наш член партии и народный избранник Р. Кожасбаев подарил дом отцу-одиночке, воспитывающего 6-х детей. Такая работа будет продолжена в рамках партийного проекта "Бақытты отбасы".

В данном детском доме воспитвают детей-сирот и детей оставшихся без попечения родителей, детей рожденных вне брака, детей с дефектами психического и физического развития, оказывают им медицинскую помощь. На сегодняшний день в областном специализированном детском доме города Талдыкорган воспитываются 77 детей, из них на постоянной основе-37 детей, на дневном отделении-40 детей.

Алия Ескожанова неоднократно проводит благотворительные акции. В 2020 году она оказывала помощь воспитанникам детского дома «Қамқор» с необходимой детской одеждой. Добрые начинания Алии Абыкановны стали примером для сотрудников и родителей, созданного ею коллектива детского сада «Bala bala» на 100 мест и «Bala bala kids" на 60 мест и для родителей.