Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нұрлыбек Ожаев, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді.

8 қаңтарда, «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Атырау облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлыбек Ожаев, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді. Жиын барысында осы уақытқа дейін жасалған шаралардың есебі берілді. «Сайлауалды науқан кезеңінде Атырау қаласы мен 7 ауданда яғни барлығы 164 елді мекенде 14 әлеуметтік стратты қамтыған, 722 іс-шара өткізілді. Әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, дамуына барлық мүмкіндіктері қарастырылған біздің бағдарламамыздың бағыты айқын, болашағы жарқын. «Nur Otan» партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмыс істейтін болады»,- деді Нұрлыбек Ожаев баспасөз мәслихатында.

Осы тақырып бойынша

Нұрлыбек Ожаев, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді. - Yvision.kz