«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының азаматтарды көшпелі қабылдауы
2019 жылы 6 ақпанда сағат 10.00-де Таран ауданы Тобыл ауылында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков «Тұрғындар мәселесін шешеміз» «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының азаматтарды көшпелі қабылдауына қатысты.
Көшпелі қабылдауды өткізу мақсаты:
Таран ауданы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарау; «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында өтеусіз негізде халықтың әлеуметтік осал топтарына заңгерлік көмек көрсету; «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиелендірудің бағдарламасында қатысу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жинақтаушы депозиттерін ашу; білікті мамандардан тегін медициналық тексеру. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға М.Т. Мұратбеков толық жауап берді.
