«Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалында азаматтарды қабылдау

2017 жылы 16 ақпанда Қостанай қаласы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалында «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының м.а. Еркен Кәрімұлы Дәуітбаевтің және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әмина Жанзаққызы Шахбутованың қатысуымен азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті.
Азаматтарды қабылдау барысында барлық мүдделі сұрақтарға құзыретті жауаптар берілді: дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, мүгедектікті белгілеу және мүгедектерді оңалту.
