Н. Назарбаев: Индустрияландыру – Қазақстанның бүкіл экономикалық саясатының діңгегі
Индустрияландыру – елдің бүкіл экономикалық саясатының діңгегі іспеттес, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Индустрияландыру күніне байланысты өткен телекөпір барысында.
«Индустрияландыру – елдің бүкі экономикалық саясатының діңгегі іспеттес. Біз сіздермен өнеркәсіптік секторларды айқындадық. Олар: тағам өнімдері, құрылыс материалдары және машинақұрылысы, осы салаларда сыртқы нарықтарға шағарып, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге болатын, сөйтіп отандық бизнесті ілгерілететін әлеует бар»,-деді Елбасы.
Президент «Бәйтерек» холдингіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Ұлттық чемпиондар» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. «Мен әзірге бұл чемпиондарды байқамай тұрмын. Маған осындай 32 жоба бар деп мәлімет берді. Бастапқыда бірден 32 чемпион болуы мүмкін емес. Чемпион тек біреу ғана болады. Маған сол чемпионды көрсетіңіздер, ал қалғандары соның соңынан ерсін»,-деді Н.Назарбаев.
Елбасы Қазақстанның қандай да бір тауар түрімен ерекшеленіп, әлемдік деңгейде өзгелерден оқ бойы озып шығуы керек екендігін айтты. «Мысалы, Францияның қандай әтірлер шығаратынын бәрі біледі. Бүкіл әлем жапондықтардың шикі балығын жейді. Нидерландыны біз эйрбастар мен бойнгтары арқылы білеміз. Неге бізге осындай мүмкіндіктерді байқап көрмеске»,-деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 10 индустриялды-инновациялық нысанды іске қосты.
Салтанатты жағдайда, «онлайн» режимінде 10 жаңа нысан пайдалануға беріледі:"Aluminium of Kazakhstan" ЖШС-нің / Алматы облысы) алюминий пішіндерін өндіруі, Полимер өнімін өндіру. Атырау облысында газхимиялық кластерді іске қосу, "ӨТМК" АҚ-ның / ШҚО/ кеуекті титан өндіруі, "Burnoye Solar-1" ЖШС-нің / Жамбыл облысы/ Бурное алаңқайында қуаттылығы 50 Мвт күн электрсанциясы, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ-ның №3 домен пешін реконструкциялау /Қарағанды облысы/, "Лидер-2010" ЖШС-нің сүт және ашытылған сүт өнімдерін өндіру цехы / Қостанай облысы/, "ҚТЖ" НК" АҚ-ның «Боржақты - Ерсай» темір жолы / Маңғыстау облысы/, "ҚАЗТЕХМАШ" ЖШС-нің / СҚО/ ауыл шаруашылығы, тасымалдаушы және коммуналдық техника шығаруы, Daedong "KAZ KIOTI" ЖШС компаниясымен корей компаниясымен бірлесіп тракторлар шығару / ОҚО/, "ҚТЖ" НК" АҚ-ның астана қаласындағы көлік-логистикалық орталығы
