«Нөлдік төзбеушілік»
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатын енгізу керектігін атап өткен болатын.
Ағымдағы жылдың 04 ақпанында «Нұр Отан» партиясының Баянауыл аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық прокуратурамен бірлесіп «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша аудан тұрғындары, көлік жүргізушілері арасында қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың салдары және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


«Нөлдік төзбеушіліктің» негізгі рөлі – қоғамның белсенділенуі. Яғни, елдің әр азаматы кез келген құқық бұзушылықты көріп, селқос болып қалмай, арнайы органдарға хабарлау керек. Қоғамдық қауіпсіздік тақырыбы барлық қоғамды тыю керек, бір бөлек құқық қорғаушы орган барлық елде тек өз күшімен құқық тәртібін сақтайды деп сенуге болмайды. Әр азамат мемлекеттегі тәртіпке және қауіпсіздікке жауапты болу міндетті. Басқа біреу істейді деп тоспау керек, арнайы органдардан көмек күтудің қажеті жоқ. Қоғамдық қауіпсіздіктің және құқық тәртібі, құқық мәдениетінің ісі болып кез келген азаматтан шығу керек.
Кез келген заң бұзушылыққа, тіпті ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы, қоғамдық тәртіпті нығайтуға баратын маңызды қадам болып келеді.
Арман Тілеубаев – «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі
