Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мясокомбинат шағын ауданында үгіт жұмыстары

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру қаламыздың Мясокомбинат шағын ауданында орналасқан 13 мектепте де өткізілді. Партияның сайлауалды бағдарламасында бұл мектепке күрделі жөндеу жасау 2022 жылға жоспарланған.

13 мектептің ерекшелігі, оқу мен тәрбиелеуде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алатындығы.

"Nur Otan" партиясы халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады:

 2025 жылға дейін паспортталған нысандардың ішінен бейімделген нысандардың үлесін 96% жеткізу.

 2025 жылы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бейімделген аялдама павильондардын санын 223-ке жеткізу немесе 81,4% дейін.

 Инклюзивті білім берумен қамтуды 100%-ға (63%) дейін ұлғайту.

 Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін бос уақытты ұйымдастыру және спортпен шұғылдану үшін жағдайлар жасау.

 Диспансерлік есепте тұрған мүгедек адамдар мен балалар үшін 150 орынға дейін оңалту орталығын құру.

Кездесу барысында мұғалімдер партияның барлық жоспарларын қолдайтындықтарын айтты. Сонымен қатар, өздерін толғандырып жүрген өтініштерін де білдірді:

1."Речник" саяжайынан қатынайтын автобус жоқ, сондықтан 2 маршрут осы саяжайға дейін ұзартылса.

2. Мектептердегі кіші қызметкерлердің жалақысының төмендігі.

3. Шукуров көшесіне аялдама орнатылса және бұл аялдамаға 2-ші маршрут келсе, "Речник" саяжайынан балаларға мектепке қатынау жеңілдер еді.

Мектеп ұжымын алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын "Nur Otan" партиясына жасауларына тілегімізді жеткіздік.

#NurOtan#сайлау2021

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Мясокомбинат шағын ауданында үгіт жұмыстары - Yvision.kz