Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Талапты ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.
«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Сайлаубаев Руслан Бақытұлы Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Талапты ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарына тоқталып, өзара пікір алысты.
