Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мыңға жуық азаматтың мәселесі оң шешілді

-Маған Семей қаласының тұрғыны көпбалалы ана хабарласып әлеуметтік қиындығына байланысты көмектесуімді сұрады. Біздің халқымыз қашанда қайырымдылық жасауды қайырлы іс деп бағалаған. Басты мақсат еліміздің болашағы бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған отбасыға қолдау көрсету»- дейді Айбек Нұғымаров. «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларына азаматтар түрлі жағдайлармен хабарласады. Бірі әлеуметтік мәселе, бірі жұмысқа орналасу, емделу, құжат рәсімдеу тағы басқада сұрақтар бар. Партия азаматтардан түскен өтініштерді саралап, жауаптты мемлекеттік мекемелерге жолдап азаматтардың сұрақтарының шешілуіне ықпал жасайды. Көмекке мұхтаж азаматтарға партия тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілуде. Жалпы жыл басталғаннан бері «Nur Otan» партиясынан облыстық қоғамдық қабылдауы бөлімі арқылы мыңға жуық азаматтың мәселесі оң шешімін тапты.

0
0
152

Осы тақырып бойынша

Мыңға жуық азаматтың мәселесі оң шешілді - Yvision.kz