Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Московская 29А көшесіндегі тұрғын үйдің маңында

Макинск қаласы Московская 29А көшесіндегі тұрғын үйдің маңында бір неше айдан бері толастамай су ағып жатыр. «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Раушан Хожабай осы мәселеге назар аударып, қала әкімімен Манарбек Есенгожинмен бірге тұрғындарымен кездесті. Айта кететін жайт, жақын арада көше бойындағы қатар тұрған үйдің бірісі орталық суқұбырынан өз үйіне су тарқан екен, бірақ сол жұмыстардың салдарынан көшеге су ақты деуге нақты негіз жоқ. Мәселенің негізгі себебін анықтау үшін қаладағы «Макинск Жылу» коммуналдық мекемесінің жұмысшылары араласпақ. Барлығын тексеріп, суқұбырының бойында ақау табылған жағдайда коммуналдық мекеме орын алған келеңсіздікдің себебін жоюға дайын. Дегенмен, тұрғынның өтініші назарсыз қалмай, оңтайлы шешім табатыны айқын.

Осы тақырып бойынша