Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мониторингтік жұмыс барысы

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының "Құтты мекен" жобасы аясында кезекті мониторингтік жұмысын Ақшұқыр ауылы мен Сайын Шапағатов ауылдық округінде жалғасын тапты.

Бұл жолы партиялық бақылау мүшелері мониторинг жұмысы барысында "Astana Times" сайтында "Сотни сельчан замерзают в своих домах из-за ошибки чинновников в Мангистауской области" тақырында жарық көрген мақала аясындағы үйлерге де барды.

Ақшұқыр аулында газ мәселесі бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық партиялық бақылау комитетінің жанынан зерделеу тобы (комиссия) құрылып, ауылдағы газ мәселесін қарап қайтты.

"КазТрансГазАймақ" АҚ мекемесі Ақшұқыр ауылы 4 кварталдың үйлеріне газ жүргізу жұмыстары 2019 жылдың күз айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарланған еді. Алайда 4 кварталдың үйлеріне газ қосу мәселесіне жергілікті әкімшіліктің атсалысуымен құрылыс жұмыстары а.ж. қазан айында аяқталды.

Ақшұқыр ауылы 4 кварталдың тапсырыс берген 20 үйдің, бүгінгі күні 14 үйіне газге қосулы. Осы ретте 6 үйде “ҚазТрансГазАймақ” ескертпесі арқылы газ қосылмай тұр. Атап айтқанда: 3 үйде (катёлында) жылыту пеші орналасқан жерде “желдеткіш тесіктері” орналаспаған. 2 үйде үй құжаттары газ жобасына сәйкес емес. 1 үйде жобадан бөлек қосымша желі үй ауласынан жасап қойылған. Жекеменшік үй иелері көрсетілген кемшіліктерді уақытылы жойса, қалған 6 үйге газ жүргізіледі.

⚠️Бұл мәселе партиялық бақылау комиссиясының қадағалауында болады.

🚩Мониторинг жұмысы барысында тұрғындар да кері байланыс білдіріп, жергілік органдарға өз алғыстарын айтып жатты.

1
0
187

Осы тақырып бойынша

Мониторингтік жұмыс барысы - Yvision.kz