Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда

2020 жылдың 8 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері мониторингтік топтардың жұмысы кезінде бұрын анықталған 5 құқықбұзушылық фактісіне сәйкес ҚР ӘК 425-бабының 1 тармағы бойынша хаттамалар толтырып, айыппұл салды.

Екі айыппұл жеке кәсіпкерлерге, атап айтқанда, «Әлем» сауда үйі мен Усть-Каменогорская көшесі 1Б мекен-жайында орналасқан асхана иелеріне 28 қараша, яғни демалыс күні жұмыс істегені айыппұл үшін салынды.

Айыппұл салынғандардың ішінде 3 жеке тұлға да бар. Олардың екеуі, 1974 және 1977 жылғы қаланың тұрғындары 26 қарашада Би-Боранбай көшесі, 43 мекен-жайында орналасқан «Меркурий» мейрамханасында бұқаралық іс-шара (қыз ұзату) ұйымдастырған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 23 қарашасында Боровое көшесі, 61 мекен-жайында жалға берілген коттеджде өткізілген бұқаралық іс-шараға қатысқан 2002 жылғы қала тұрғынына айыппұл салынды.

Анықталған бес заң бұзушылық үшін айыппұлдардың жалпы сомасы 763 950 теңгені құрайды.

1
0
181

Осы тақырып бойынша

Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда - Yvision.kz