Мониторингтік топ өз жұмысын жалғастыруда
Мониторингтік топ өз жұмысын жалғастыруда.
Шыңғырлау ауданында мониторингтік топ құрамында “Nur Otan”партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтеновамен бірге әлеуметтік нысандарға санитарлық талаптарының қатаң сақталуын қадағалау және қамтамасыз ету мақсатында рейд жүргізді. Рейд барысында Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінде,”Бөбек” балабақшасында санитарлық талаптардың толық сақталу керектігі жөнінде ақпараттармен таныстырылды.Сонымен қатар жүргізілген журналдардың толтырылуы,санитайзерлердің пайдаланылуы,қордағы антисептикалық құралдар жөнінде басшылардың мәлеметтері де тыңдалды.Адамның өмірі мен денсаулығы баға жетпес байлығымыз.Ендеше сақтық шараларына немқұрайлы қарамайық!
