Мониторинг жұмыстары жүргілді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың "Елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы" кеңесте берген тапсырмасына сәйкес, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігін болдырмау мақсатында аудандық мәслихат депутаттарынан, "Nur Otan" партиясының және қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған мониторингтік топ аудан аумағында орналасқан дәріханаларға барып, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттардың және медициналық бетперделер мен қолғаптардың болуына мониторинг жұмыстарын жүргізді.



