Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мониторинг Партиялық бақылау.

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысынан кейін, комиссия төрайымы Р.Шотаеваның басшылығымен Зайсан қаласындағы мектептер мен спорт кешендеріндегі санитарлық нормалардың сақталу барысына партиялық бақылау жүргізілді. Аталған мекемелер залалсыздандыру құралдарымен толық қамтылған. Қасиетті рамазан айында аудандық мешітке келушілер саны артатыны белгілі. Осы жағдайға байланысты мешітке барып имаммен арнайы әңгіме жүргізілді. Ауызашар шарасы кезінде топтаспай, әркім өз шаңырағында болуы керектігі және әр адам Алланың берген аманаты- өз өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қауіпсіздік шарасын үнемі қатаң ескеру керектігін келген тұрғындарға түсіндіру қажеттілігі айтылды.

0
0
314

Осы тақырып бойынша