МОИСЕЕВ ГАВРИЛ СТЕПАНОВИЧ1922 жылы наурыз айының 25 күні Қапал жерінде дүниге келген.
Әкесі Моисеев Степан Николаевич 1890 жылы, шешесі Моисеева Наталья Петровна 1896 жылы туған,бұл кісілер Қапалда «Пламя революций» колхозында еңбек еткен. 8 жасында Гаврил Степанович мектепке барған.Мектепті бітіргеннен кейін қазіргі Семей қаласында 219-шы атқыштар дивизиясына әскери борышын өтеуге барды.1941 жылы Ұлы Отан Соғысы басталып Гаврил Степановичті Томбовтағы жаяу әскерлер оқу орнына жіберді.Көп ұзамай 19 жастағы жігітті Батыс Ресей майданына аттандырды.1943 жылы көзінен жарақат алған Гаврил Степановичті Алматы госпиталіне жіберіп сол жерден І-ші топ мүгедектігін берген. Госпитальден емделіп шыққаннан кейін туған өлкесі Қапалға оралды.Қорғаныс бөлімінде Гаврил Степановичке мектепте әскери істі жүргізетін мұғалім мамандығын ұсынды, осы жұмыста 3 жыл қызмет атқарды. Мектептен кейін «Пламя революций» колхозында еңбек етті.#Qaharman#Ардагерлеріардақтайық
