Мобильдік топтың студенттермен кезекті кездесуі
2017 жылдың 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті жанындағы «Парасыз болашаққа.Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобының мүшелері Орал қалалық мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің студенттерімен кезекті кездесу өткізді.
Шараға колледждің оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбйлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.
