Мобильдік топ Сырым аудандық жалпы білім беретін мектептерінде
2017 жылдың 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Сырым ауданына көшпелі кездесу өткізілді.
Көшпелі кездесу шеңберінде мобильдік топ мүшелері аудандық колледждің оқытушылар құрамы мен Сырым аудандық мектептерінің мұғалімдері және оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
